Рамос ПСЖ-дан кете ме?
Рамос ПСЖ-дан кете ме?
Фото: Яндекс
255
оқылды
Испания құрамасының футболшысы Серхио Рамос франциялық ПСЖ сапынан кетуі мүмкін. Бұл туралы La Parisien басылымы хабарлады. «Пари Сен-Жермен» басшылығы жарақатынан толық айықпаған Рамостың денсаулығына алаңдаушылық танытып отыр. Жазғы трансферлік маусымда испаниялық қорғаушы «Реал Мадрид» сапынан франциялық клубқа еркін агент ретінде ауысып келген. Футболшы жарақатынан толық жазылмаса да бірнеше рет ауыр жаттығулар жасаған. Соның кесірінен Рамос ауырған жерін асқындырып алған. Қазіргі кезде клуб басшылығы испаниялық ойыншыны команда сапында қалдыру-қалдырмау туралы ойластырып жатыр. Алдағы уақытта қандай шешім қабылданғаны белгілі болады. Еске салайық, «Реалмен» бірге Чемпиондар Лигасын төрт мәрте жеңіп алған Серихио Рамос ПСЖ клубымен екі жылдық келісімшарт жасасқан болатын. Алайда танымал қорғаушы әлі күнге дейін париждіктер сапында бірде-бір ойын өткізген жоқ.