Кабулдағы аурухана маңындағы жарылыс нәтижесінде 19 адам қайтыс болған, – деп хабарлайды РИА Новости сайты.
Ауғанстан уақытша үкіметінің Ақпарат және мәдениет министрінің екінші орынбасары Билал Каримидің айтуынша, алғашқы жарылыс Кабулдың 10-ауданындағы Мұхаммед Дауд хан атындағы госпитальдің кіреберісінде болған.
Екінші жарылыс та госпитальге жақын жерде болған.
Оның айтуынша, жарылыстан құрбан болғандар бар.
Ауыр халде зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жатқызылған. Оқиға орнына қауіпсіздік күштері келген.
Ауғанстанның Bakhtar агенттігінің ақпараты бойынша, Кабулдағы Ауғанстанның ең ірі әскери госпиталінің жанындағы екі жарылыс пен атыс салдарынан 19 адам қаза тауып, 43 адам жарақат алған.