Левандовский Месси мен Роналдудың рекордын жаңартты
Левандовский Месси мен Роналдудың рекордын жаңартты
184
оқылды
Мюнхендік «Бавария» командасының шабуылшысы Роберт Левандовский Чемпиондар лигасындағы 80-ші голын соқты. Бұл туралы UEFA-ның Twitter парақшасы хабарлады. Польшалық сұрмерген «Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Криштиану Роналду мен «Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Лионель Мессидің рекордын жаңартты. Ол бұл белесті Чемпиондар лигасындағы 100-ші ойынында бағындырды. Месси бұл көрсеткішке 102-ші ойында, ал Роналду 116-шы ойынында қол жеткізген еді. Еске салайық, Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің төртінші турында «Бавария» өз алаңында «Бенфиканы» 5:2 есебімен жеңді.  Польшалық шабуылшы бұл ойында хет-трик жасады. 4 ойында 12 ұпай жинаған «Бавария» E тобында көш бастап тұр. Ал «Бенфика» 4 ұпаймен үшінші орында келеді.