Катарлық клуб Хавиді Каталонияға жіберді
Катарлық клуб Хавиді Каталонияға жіберді
239
оқылды

Бұл туралы катарлық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

«Испаниялық командамен алдағы уақытта қарым-қатынасты арттыру туралы келіссөздер жүргізілді. Клуб басшылығы Хавиге «Барселона» тізгінін ұстауына рұқсатын берді. Ол – «Аль-Саддтың» айнымас бөлшегіне айналған білікті маман. Біз оған алдағы уақытта жарқын жеңістер тілейміз» делінген клуб сайтында.

Еске салайық, Хави Эрнандес 1998-2015 жылдар аралығында каталондық командада 505 ойын өткізіп, 58 гол соққан. Осы уақыт аралығында ол Испанияның 8 дүркін және Чемпиондар Лигасының 4 дүркін чемпионы атанды.