ПСЖ футболшысы Амината Диалло әріптесі Хейра Хамрауиге шабуыл ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды.
Оқиға 4 қараша күні түнгі уақытта болған. Хамрауи мен Диалло Париж клубының басқа ойыншыларымен бірге кештен кейін үйіне қайтқан.
Амината көлікті басқарып келе жатқанда, екі бетперде киген адам көлікке шабуылдап, Хамрауиді сүйреп шығарған.
L'Equipe басылымының хабарлауынша, шабуылдаушылар футболшының аяғынан арматурамен ұрып, қашып кеткен.
Нәтижесінде Хамрауи Чемпиондар лигасының Реал Мадридке қарсы ойынын өткізіп алды. Оның орнына шабуыл ұйымдастырды деген күдікке ілінген Амината Диалло алаңға шықты.
ПСЖ клубы полиция Амината Диаллоны командаластарының біріне шабуыл ұйымдастырды деген айыппен қамауға алғанын растады.