Жанқош Тұраров Нұр-Сұлтанда жекпе-жек өткізеді
Жанқош Тұраров Нұр-Сұлтанда жекпе-жек өткізеді
300
оқылды

18 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығатын тағы бір боксшының есімі белгілі болды, – деп хабарлайды  Vesti.kz.

Елордадағы жекпе-жек кешінде қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров өнер көрсететін болды. Бұл отандасымыздың кәсіпқой бокстағы 25-айқасы болады. Бұған дейін Тұраров 24 кездесуде де жеңіске жеткен. Ал 17 жекпе-жекте қарсыласын нокаутқа түсірген. Жанқоштың қарсыласы кім болатыны алдағы уақытта анықталады.