Фируза Шарипова Кэти Тэйлормен кездеседі
Фируза Шарипова Кэти Тэйлормен кездеседі
Фото: allfight.ru
194
оқылды
Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова (14-1, 8 КО) 11 желтоқсан күні шаршы алаңға шығады. Бұл күні отандасымыз жеңіл салмақта әлемнің абсолют чемпионы, ирландиялық Кэти Тэйлормен (19-0, 6 КО) кездеседі, – деп хабарлады DAZN. Жекпе-жек Ливерпуль қаласында өтеді.  Ирландиялық боксшы, 33 жастағы Тейлор 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарында 60 келі салмақта чемпион болған. Сонымен қатар бес мәрте әлем чемпионатында топ жарды. Кәсіпқой бокста 19 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Соңғы кездесуін қыркүйек айында америкалық Дженнифер Хэнге (18-4-1, 1 КО) қарсы өткізіп, төрешілер шешімімен жеңген болатын. Ал 27 жастағы Фируза Шарипова соңғы кездесуін бокстан тәжірибесі жоқ муай-тай шебері Любовь Беляковмен өткізіп, оны жеңді.