Қазақстан құрамасы елордада Тәжікстанды жеңді
Қазақстан құрамасы елордада Тәжікстанды жеңді
Фото: kazfootball.kz
255
оқылды

Нұр-Сұлтанда өткен жолдастық кездесуде Қазақстан құрамасы Тәжікстанға қарсы ойнады.

"Астана Аренада" өткен кездесуде Қазақстан құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жетті. 12 минутта тәжік қақпашысының өрескел қателігін пайдаланған Бахтиер Зайнутдинов жалғыз голдың авторы атанды. Бұған дейін қазақстандық футболшылар әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Францияға қонаққа барып, 0:8 есебімен жеңілген болатын.