Қазақстанның футбол федерациясы Азамат Айтхожинға қатысты ақпаратқа жауап берді
Қазақстанның футбол федерациясы Азамат Айтхожинға қатысты ақпаратқа жауап берді
371
оқылды

Қазақстанның футбол федерациясы Азамат Айтхожиннің Бас хатшы қызметінен кетті деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады.

«Бірнеше баспасөз беттерінде ҚФФ Бас хатшысы Азамат Айтхожин қызметінен кетеді деген ақпарат тарады. Қазақстан футбол федерациясы бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдейді. Азамат Айтхожин қалыпты жағдайда жұмысын одан ары жалғастыра бермек», - делінген ҚФФ сайтындағы хабарламада.