"Интрига жоқ": Украинада Әлімханұлы-Нжикам жекпе-жегіне болжам жасалды
"Интрига жоқ": Украинада Әлімханұлы-Нжикам жекпе-жегіне болжам жасалды
Фото: sports.kz
262
оқылды
Украиналық «Боксерская правда» YouТube-арнасы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (10-0, 6 КО) француз Хассан Ндам Нжикамға (38-5, 21 КО) қарсы жекпе-жегі туралы пікір білдірді, – деп хабарлайды Sports.kz. – Нжикам айтарлықтай құлдырау үстінде, сондықтан мен  қазақстандық үшін қандай да бір проблемалар бар деп ойламаймын. Нжикам ұзақ уақыт бойы өзінің техникасы мен стилін өзгертті: бұрын ол үнемі қарсыластарын айналып, соққыларын лақтыратын... Ол кейінгі кезде не істеп жатыр? Тек жақын қашықтықта тұрады. Мұнымен қоса, оның нокаутқа жіберер соққысы болған жоқ. Бұл жекпе-жекте ерекше интрига жоқ деп санаймын", – деді арна авторы.