Мәскеуде такси ұрлап пранк жасамақ болған қазақстандық блогерлер бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Мәскеу прокуратурасы хабарлады.
Сот Рамир Хасановты, Айдын Түсіповті және Ерсін Дүмшебайды үш жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу туралы үкім шығарды. Сотталғандар сот залында қамауға алынды.
https://youtu.be/MZ9uJFONJjg
2021 жылғы наурыз айының ортасында олар мобильді қосымша арқылы Мәскеу-Сити сауда орталығына премиум-класты таксиге тапсырыс беріп, сол жерде пранк жасамақ болған. Жүргізушісі олардың өтініші бойынша сөмкелерді жүксалғышқа салып жатқанда, айыпталушылардың бірі рөлге отырып, көлікті айдап кеткен, олардың бірі болған жағдайды камераға түсіріп алған. Бірнеше минуттан кейін айыпталушылар қайтып келіп, жүргізушіге әзілдеп жатқандарын түсіндірген. Сол күні қазақстандықтарды тәртіп сақшылары ұстап, қылмыстық іс қозғады.