Сырдарияға батып кеткен көлік ішінен жүргізушінің мәйіті табылды – видео
Сырдарияға батып кеткен көлік ішінен жүргізушінің мәйіті табылды – видео
255
оқылды

Бүгін таңғы сағат 3:55 шамасында Сырдария өзеніне Daewoo Nexia автокөлігінің түсіп кеткендігі жайлы облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне хабарлама келіп түскен.

Оқиға Қызылорда қаласының «Рисмаш» мөлтек ауданы тұсында орын алған. Көлік ішінде 2 дам болған. Жолаушы 1994 жылғы азамат өз күшімен жағаға шыққан. Ал, көлік жүргізуші су астында қалып қойыпты. Оқиға басына жеткен жедел құтқару жасағының 5 қызметкері мен 1 техникасы жетіп, су асты іздестіру жұмыстарын жүргізген. Жедел жасақ сағат 9:22 шамасында су астынан ресейлік нөмірлі Nexia көлігін су астынан алып шықты. Көлік ішінен жүргізушінің мүрдесі табылған. *Ескерту! Видеоны жүйкесі әлсіз адамдарға қарамауға кеңес береміз.   https://youtu.be/S079GFIBeFA  

Қазіргі таңда Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің мамандары оқиғаның мән-жайын анықтап жатқан көрінеді.

Қызылорда облысы