Қазақстандық Руслан Мәдиев АҚШ-та мексикалық боксшыны жеңді
Қазақстандық Руслан Мәдиев АҚШ-та мексикалық боксшыны жеңді
199
оқылды

Қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев (13-2, 5 КО) Сан-Антониодағы (Техас штаты, АҚШ) бокс кешінде өнер көрсетті, - деп хабарлайды Sports.kz сайты.

Ол мексикалық Луис Рамоспен (21-1, 19 КО) жекпе-жекке шықты. Жартылай орта салмақтағы айқас тоғыз раундқа жоспарланды және ол соңына дейін өтті. Мәдиев төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, Руслан Мәдиев профи-бокстағы мансабында 14-інші рет жеңісін тойлады. Ал Луис Рамос екінші рет жеңіліп отыр. Айта кету керек, Мәдиев – Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының клиенті, аталған компания ұзақ уақыт бойы мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен жұмыс істеген.