Еркін күрестен ұлттық құраманың капитаны мансабын аяқтады
Еркін күрестен ұлттық құраманың капитаны мансабын аяқтады
201
оқылды
Еркін күрестен Қазақстан құрамасының капитаны Дәулет Ниязбеков спорт мансабын ресми түрде аяқтады. Бұл ақпаратты құраманың бас бапкері Әсет Серікбаев мәлім етті, – деп хабарлайды Olympic.kz.
«Токио Олимпиадасында алған жарақатым оңай соқпады. Күреске еш ренішім жоқ. Шабатын жерге дейін шаптым. Күреске ықыласымды оятқан, жолымды ашқан, бар білігін үйреткен жаттықтырушыларыма алғыс айтқым келеді. Иә, күреске тоймай кетіп барамын. «Олимпиада жүлдесін алсам» деген арманым орындалмады. Бірақ денемнен шығатын тердің бәрін сығып, барымды салып кетіп бара жатырмын деп ойлаймын. Осы дәрежеге жеткенім үшін де Аллаға шүкір», – деді Дәулет Ниязбеков.