ҰҚШҰ-ның барлық ресейлік бітімгері өз еліне оралды
ҰҚШҰ-ның барлық ресейлік бітімгері өз еліне оралды
Сурет: Владимир Смирнов/ТАСС
291
оқылды

ҰҚШҰ-ның барлық ресейлік бітімгері Қазақстаннан оралды, - деп хабарлайды "ТАСС".

"ҰҚШҰ ұжымдық бітімгершілік күштері құрамынан ресейлік бітімгерлермен бірге барлық 10 ұшақ Қазақстаннан Северный әуе айлағына (Иваново қ.) келді", – деп хабарлады сенбіде РФ Қорғаныс министрлігіндегілер.
Ведомство соңғы борт қонғаннан кейін салтанатты митинг өтетінін, одан кейін жеке құрам штаттық техникамен тұрақты орналасу пунктіне кететінін атап өтті.
"Аэродромның ұшу алаңында барлық тапсырманы жоғары кәсібилікпен орындаған ресейлік десантшылардың салтанатты кездесуі өтеді", – деп хабарлады министрлік.