2 адам қаза тапты: қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыста миномет қолданылды
2 адам қаза тапты: қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыста миномет қолданылды
©Sputnik Таджикистан
270
оқылды
27 қаңтар күні кешке басталған қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс кезінде Тәжікстанның екі азаматы қайтыс болды. Мәліметті Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады.  Сондай-ақ екі тараптан да ондаған адам жарақаттанды. Sputnik Қырғызстанның мәліметінше, қырғыздар тарапынан 11 адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Тәжікстан тарапынан 10 адам жарақаттанған. Естеріңізге сала кетейік, Тәжікстан мен Қырғызстанның шекарасында орналасқан Төрт-Кочо және Чир-Добо аудандарында әскери қызметшілер арасында атыс болды. Тәртіпсіздіктер Сомониён ауылынан Чоркух жамағатына бара жатқан Тәжікстан азаматтарының көліктеріне тас лақтырылғаннан кейін басталғаны жайлы болжам бар. Қазіргі уақытта қарулы қақтығыс толықтай тоқтады. Екі жақтан да жауапты тұлғалар келісімге келді. Жағдайды әскерилер мен қауіпсіздік күштері бақылауда.