Павлодар облысында ерлі-зайыпты бір-бірінің үстінен полицияға шағымданды
Павлодар облысында ерлі-зайыпты бір-бірінің үстінен полицияға шағымданды
Сурет: succo
230
оқылды

Павлодар облысының Успен ауданында өзара келіспей қалған ерлі-зайыпты бір-бірінің үстінен арыз жазып полицияға жүгінді, - деп хабарлайды Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі. 

"Әйелі жұмыстан көңілсіз келген күйеуін дұрыс қарсы алмаған. Содан үлкен жанжал болып, ерлі-зайыпты бір-бірін әбден балағаттаған. Осыдан кейін екеуі де полиция бөліміне келіп, бір-бірінің үстінен шағым түсірді. Атап айтқанда, отбасылық және тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттер бойынша", - деді Жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуандық Шахманов.
Полиция ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 73-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың әрқайсысына қатысты ескерту жасады.