Надаль – Australian Open турнирінің жеңімпазы
Надаль – Australian Open турнирінің жеңімпазы
239
оқылды

«Үлкен дулыға» санатына жататын Australian Open турнирінің финалында испаниялық Рафаэль Надаль мен ресейлік Даниил Медведев кездесті.

Мельбурнде өткен ақтық ойынды ресейлік теннисші сәтті бастады. Тәжірбиелі қарсыласының адымын аштырмай, алғашқы екі сетті 6:4, 7:6 есебімен өз атына жазды. Алайда, Надаль үшінші партияда белсенділік танытып, 6:4 есебімен есеп айырмасын қысқартты. Төртінші сетте де осы есеп қайталанды. 35 жастағы Рафа шешуші бесінші партияда 7:5 есебімен қарсыласынан басым түсті. Финалдық бәсеке бес жарым сағатқа созылды. 35 жастағы Надаль Grand Slam жарысында 21-титулына қол жеткізіп, Новак Джокович пен Роджер Федерерді басып озды.