Тоқаев Президент Әкімшілігінің басшысын тағайындады
Тоқаев Президент Әкімшілігінің басшысын тағайындады
Фото: kazlenta.kz
312
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Нұртілеуді жаңа қызметке тағайындады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымына тағайындалсын» делінген ресми бұйрықта.
Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды. Мұрат Нұртілеуов 1976 жылы 11 наурызда туған. 1998 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰМУ-да «Халықаралық қатынастар» мамандығын бітірген. Дипломаттың рангы – бірінші санаттағы кеңесші. 1998-1999 жж. – ҚР СІМ мемлекеттік хаттама қызметінің атташесі, референт. 1999-2003 жж. – Қазақстан Республикасының Малайзиядағы елшілігінің атташесі. 2003-2004 жж. – ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы. 2004-2006 жж. – ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі. 2007 ж. – Сенат аппараты басшысының орынбасары. 2007-2011 жж. – Сенат аппаратының басшысы. 2011 ж. – ҚР СІМ Азия және Африка департаменті директоры, ҚР Сыртқы істер министрілігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі. 2011-2014 жж. – Женевадағы ҚРҮҚ кеңесші-елшісі. 2014-2016 жж. – ҚР Президенті әкімшілігінің сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары. 2016 жылдың наурызы – 2019 жылдың наурызы – Қазақстан Республикасының Финляндия, Эстония Республикаларындағы төтенше және өкілетті елшісі. 2019 жылы 24 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болды.

Биыл 5 қаңтарда Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалған еді.