Имам абақтыда жазасын өтеп жатқандармен жүздесті
Имам абақтыда жазасын өтеп жатқандармен жүздесті
Фото: polisia.kz
471
оқылды

Маңғыстау облысында мешіт имамы түрмеде жазасын өтеп жатқандармен жүздесті, – деп жазады polisia.kz.

Кездесу Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ГМ-172/8 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтті.
Ар-Рахман мешітінің бас имамы Емел Зиядулла, мекеменің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы бойынша бөлімінің жасақ бастығы Ербол Сарсенбаевтың қатысуымен «Өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу», «Өз-өзіне дене жарақатын салудың алдын алу» тақырыбында әңгімелесті.
Имам Емел Зиядулла сотталғандарға өз отбасына аман-есен оралып, жаман ойдан арылып, саналы ғұмыр кешуін тіледі.

Бұған дейін «Қаралы қаңтар» түрме реформасына қозғау сала ма?» деп жазған болатынбыз.