"Омикрон" штамын жұқтырғандарда пайда болатын алғашқы белгілер қандай?
"Омикрон" штамын жұқтырғандарда пайда болатын алғашқы белгілер қандай?
© bsmu.by
253
оқылды
АҚШ, Ұлыбритания және ОАР дәрігерлері коронавирустың омикрон-штамының ең алғашқы белгілерін атады.  Зерттеу нәтижелерін  Express газеті жариялады.  Мамандардың айтуынша, тамақтың, белдің ауыруы, шаршау, түшкіру, түнде терлеу және бүкіл дененің ауыруы науқас адамның қасында болғаннан кейін 2 күннен кейін пайда болады, – деп хабарлады "РИА Новости". Жағымсыз әсерлердің арасында бастың да ауыруы да бар екен.  Медицина мамандары кей жағдайда COVID-19 белгілері 14 күннен кейін де пайда болатынын айтады. Дәрігерлер осындай белгілерді сезген жағдайда 10 күнге оқшауланып, коронавирусқа тест тапсыруға кеңес береді.