Қаңтар қасіреті: тергеу изоляторларынан екі әйел мен 9 жасөспірім босатылды
Қаңтар қасіреті: тергеу изоляторларынан екі әйел мен 9 жасөспірім босатылды
Фото: sputnik.kz
196
оқылды

Бас прокуратура Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров айтуынша, 76 адам тергеу изоляторынан босатылды.

«Арнайы прокурорлар 76 күдіктіні тергеу изоляторынан босатты. Қамауға алу ешқайда кетпеу туралы қолхат, үйқамақ пен жеке кепілдікке ауыстырылды. Олардың арасында екі әйел мен кәмелетке толмаған 9 жасөспірім болған. Тергеу изоляторларында кездейсоқ қамалған адамдар жоқ. Тек қана ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны туралы нақты айғақтар бар адамдар ғана қамалды. Бұл мәліметтер – тек қана арнайы прокурорлардың тергеуіндегі істер бойынша екенін атап өткім келеді», – деді Ризабек Ожаров.

Бұған дейін «Дикий Арманның» қарулы адамдары 24 тұрғынды ұрлап әкетіп, күштеп ұстағанын хабарлаған болатынбыз.