Талғар ауданында полиция ғимараты өртенді
Талғар ауданында полиция ғимараты өртенді
225
оқылды

Алматы облысында полициясының әкімшілік ғимараты кабинеттерінің бірінде өрт шықты.

Өрт 12 ақпан күні сағат 14:55 кезінде тұтанған. Өрттің видеосы әлеуметтік желіде тарады.
«Жергілікті өрт сөндіру қызметі дереу оқиға орнына жетіп, өртті 25 минутта сөндірді. Құрбандар мен зиян шеккендер жоқ. Өрттің әрі қарай таралуы жол берілген жоқ. Қызметтік құжаттар бүлінбеді», - деді Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar)

Алдын ала болжам бойынша, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған. Оның салдары анықталып жатыр.