Ресейдің либералды-демократиялық партиясы Жириновскийге қатысты мәлімдеме жасады
Ресейдің либералды-демократиялық партиясы Жириновскийге қатысты мәлімдеме жасады
Фото: © РИА Новости
492
оқылды
Ресейдің либералды-демократиялық партиясының төрағасы Владимир Жириновскийдің денсаулығы тұрақты, оған қажетті барлық медициналық көмек көрсетіліп жатыр,  - деп хабарлады Мемлекеттік думаның денсаулық сақтау комитеті басшысының орынбасары Сергей Леонов.
Бұдан бұрын Жириновскийдің ұлы Игорь Лебедев Facebook-тегі парақшасында "Тек өмір сүр!" деген жазба қалдырған болатын.
"Мен РЛДП фракциясы атынан иммунолог-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, Мемлекеттік думаның денсаулық сақтау комитеті басшысының орынбасары ретінде Жириновскийдің денсаулығына байланысты мәлімдеме жасаймын. Оның денсаулығы тұрақты, қажетті барлық медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Ол партияны басқаруын жалғастырып жатыр. Біз жақында  ол ел алдына шығып, барлық сауалға жауап береді деп үміттенеміз", – деп келтіреді Леоновтың сөздерін РИА Новости.