Өзбекстанның Науаи қаласындағы сауда орталығында зейнеткер немересімен эскалатормен түсіп келе жатып, биіктен құлап кетті. Оқиға видеоға түсіп қалған.
Науаи облыстық Ішкі істер қызметінің мәліметінше, 53 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды.
"Карманин ауданының тұрғыны немересін қолда ұстап, эскалатормен бесінші қабаттан төртіншіге түскісі келген. Бірақ тепе-теңдік ұстай алмай, үш жасар қызбен бірге биіктен құлап кетті. немересі көптеген дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді », – дейді полицейлер.