Сот экс-министрді екі айға қамауға алу туралы үкім шығарды
Сот экс-министрді екі айға қамауға алу туралы үкім шығарды
Фото: avesta.tj
289
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Қазақстанның бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қамауға алу туралы үкім шығарды.

«Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Мұрат Бектановқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады» делінген ресми хабарламада.
Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпаратты жария етуге болмайды.

Бұған дейін бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.