Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде әлем чемпионатының жүлдегерлерін жеңді
Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде әлем чемпионатының жүлдегерлерін жеңді
222
оқылды
Софияда (Болгария) бокстан өтіп жатқан «Странджа» халықаралық турнирінің үшінші жарыс күнінде Қазақстанның атынан алты спортшы күндізгі сессияда өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz. Ерлер арасында Ерасыл Жақпеков (80 келі) пен Абзал Құттыбеков (92 келі), әйелдерде Римма Волосенко (60 келі), Айдана Забынбекова (60 келі), Мәдина Нұршаева (66 келі) және Дариға Шәкімова (66 келі) жекпе-жек өткізді:
Ерлер 80 кг. Ерасыл Жақпеков (Қазақстан) - Савелий Садома (Ресей) - 3:2 92 кг. Абзал Құттыбеков (Қазақстан) - Эммануэль Рейес (Испания) - 3:2 Әйелдер 60 кг. Римма Волосенко (Қазақстан) - Валентина Бустаманте (Чили) - 3:2 60 кг. Айдана Забынбекова (Қазақстан) - Марианна Басанец (Украина) - 5:0 66 кг. Мадина Нұршаева (Қазақстан) - Мадлен Ангелсен (Норвегия) - 3:2 66 кг. Дариға Шәкімова (Қазақстан) - Мелис Ионузова (Болгария) - 5:0.