Надежда Рябец ресейлік қарсыласын жеңіп, жартылай финалға шықты
Надежда Рябец ресейлік қарсыласын жеңіп, жартылай финалға шықты
225
оқылды
Бокстан Қазақстан құрамасының белді мүшелерінің бірі Надежда Рябец "Странджа кубогінің" жартылай финалына шықты. 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Рябец ресейлік Елена Гапешинамен жұдырықтасты. Ширек финалда өткен үш раундта да жерлесіміз үстемдік танытты. Осы жеңістің арқасында отандасымыз кем дегенде қола медальды иеленеді. Қазақстандық боксшы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, сондай-ақ жастар арасындағы Азия чемпионы. Бұл жеңіс Рябцқа  "Странджа кубогінің" кем дегенде қола жүлдені жеңіп алуға мүмкіндік берді. Айта кетейік, бұған дейін турнирдің жартылай финалына Назым Қызайбай мен Дина Жоламан да өткен болатын.