«Қазақтың Ломаченкосы» қарсыласын нокдаунға түсіріп, финалға шықты
«Қазақтың Ломаченкосы» қарсыласын нокдаунға түсіріп, финалға шықты
196
оқылды
Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Софияда (Болгария) өткен халықаралық Странджа турнирінде 54 келіге дейінгі салмақта жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді. «Кіші әлем чемпионатының» финалына шығу үшін Сабырхан болгар Даниэль Әсеновпен жұдырықтасты. Жекпе-жек 4:1 есебімен Сабырханның жеңісімен аяқталды. Осылайша, Сабырхан Странджа финалына шығып, алтынға таласады. Махмұд Сабырханның өткен жылы Белградта өткен әлем чемпионатында көрсеткен жарқын жеңістерінен кейін ( «күмісті» алды) ресейлік «неКАРАтэ» YouТube-арнасы украиндық боксшыға ұқсас стиль — техника, жылдамдық, қозғалысына қарап оны «Қазақтың Ломаченкосы» деп атаған болатын.