Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров НАТО елдері Украинамен бірлесіп, ядролық соғыс ашу туралы сөйлесіп жатқанын мәлімдеді, – деп хабарлады РИА Новости.
"Қазір ядролық соғыс туралы әңгіме жүріп жатыр. Сіздерден осы мәселе төңірегінде айтылған сөздерге және оны кім айтқанына мұқият назар аударуды сұраймын", – деді Лавров.
Ресей СІМ басшысы алдымен бұл сөздерді НАТО бас хатшысы Столтенберг, кейін Украина президенті Владимир Зеленский айтқанына назар аударды.
Лавров сырттан Ресейге қарсы соғыс жоспары ойластырылып жатыр деп есептейді.