Семсерлесуден үздік үштікте
Семсерлесуден үздік үштікте
470
оқылды
Өзбекстан астанасы Ташкентте семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Азия біріншілігі аяқталды. Сары құрлық чемпионатында спортшылар үш қару түрінен сынға түсті. Атап айтсақ, рапира, сабля және шпагамен семсерлесуден Азия үздіктері анықталды. Қазақстан командасының спортшылары бір алтын, екі күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Шпагадан кадеттер арасындағы сында Богдан Лукин топ жарса, жасөспірімдер арасында Александр Федотов күміске қол жеткізді. Жалпы командалық есепте Гонконг пен Өзбекстанды алға жіберген Қазақстан құрамасы үшінші орынға табан тіреді. Айта кетсек, турнирге құрлықтың 20 мемлекетінен 300-ден аса спортшысы қатысты.  

К.ЕСІМХАН