Амстердам тыйым салған ресейлік активтерінің көлемі 200 миллион еуроға дейін жетті.
Нидерланды Қаржы министрлігінің басшысы Сигрид Каг елдегі банктер, инвестициялық және зейнетақы қорлары 6 миллион еуро көлеміндегі активтерді бұғаттап тастағанын хабарлаған.
«Осы уақыт ішінде біз 200 миллион еуродан астам қаржыны бұғаттадық, немесе қамауға алдық деп айта аламын» дейді Орталық банк төрағасы Клас Нот.
Оның айтуынша, бұл бір апта бұрынғы көрсеткіш. Өзге активтер әлі де бұғатталуы мүмкін дейді ол.