Ресей элитасы Путинді тақтан тайдыруды мақсат етіп отыр, оның ізбасарын таңдап қойған - барлау қызметі
Ресей элитасы Путинді тақтан тайдыруды мақсат етіп отыр, оның ізбасарын таңдап қойған - барлау қызметі
282
оқылды
Улану, кенеттен ауру, қайғылы оқиға. Ресей элитасы президент Владимир Путинді осылай өлтірмек, – деп хабарлады Украина Қорғаныс министрлігі Барлау қызметінің бас басқармасы
Ресейлік іскер және саяси ортада Путинге қарсы тұратын ықпалды тұлғалар тобы құрылып жатыр.
Олардың мақсаты – Путинді тезірек тақтан тайдырып, Украинадағы соғыс салдарынан ушығып кеткен Батыспен арадағы экономикалық байланысты қалыпқа келтіру. 
«Ресей Федерациясының саяси элитасының белгілі бір бөлігі Путиннің мұрагері ретінде – Ресей ФҚҚ директоры Александр Бортниковты қарастырып отыр. Жақында Бортников орыс диктаторы тарапынан қуғынға ұшырады. ФҚҚ басшысының  қуғынға ұшырауының ресми себебі – Украинаға қарсы соғыстағы есептен жаңылыс салдарынан орын алған қателіктер», – делінген министрлік хабарламасында.
Бортников пен оның бөлімі Украина халқы мен армиясының қабілетін талдауға жауапты болған. Бортниковпен бірге Ресей элитасының басқа да ықпалды өкілдері Путинді биліктен кетірудің әртүрлі нұсқаларын қарастырып жатыр (улану, кенеттен ауруға шалдығу).