Алматыда қар көшкіні жүруі мүмкін
Алматыда қар көшкіні жүруі мүмкін
Фото: artfile.ru
373
оқылды

Алматыда тауда қар көшкіні жүруі мүмкін. Кеше басталған жаңбыр соңы бүгін қарға ұласты.

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға бүгін тауға шықпауға кеңес береді. Қар қалың жауғандықтан көшкін жүру қаупі бар. Қалада – 2 см, тау бөктерінде – 8-10 см, таулы аймақтарда 10-15 см қар жауған. Қарды күреуге 987 жұмысшы, 412 арнайы техника, 111 құм шашу техникасы тартылып, 376 тонна арнайы қоспа жолдарға себілді.

Бүгін ауа райына байланысты астанадан шығатын жолдардың барлығы жабылды.