Азия чемпионы атанды
Азия чемпионы атанды
264
оқылды
Шосседегі велоспорттан Қазақстанның ерлер құрамасы Азия чемпионы атанды. Осылай Тәжікстан астанасы Душанбедегі додада құрамамыз командалық жарыста топ жарып, құрлықтық біріншіліктің алтынына ие болып отыр. Командалық жарысқа ел құрамасы сапында Евгений Федоров, Игорь Чжан, Юрий Натаров және Евгений Гидич сынға түсті. Велошабандоздар 24 шақырым қашықтықты 26 минут 48.933 секундта жүріп өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Моңғолия құрамасы екінші болса, Иран құрамасы үздік үштікті қорытындылады. Сондай-ақ Азия чемпионатына қатысқан велоспорттан Қазақстанның әйелдер құрамасы күміс медальға ие болды. Ел намысын Рината Султанова, Фаина Потапова, Махаббат Үмітжанова және Анжела Соловьева қорғады. Спортшы қыздар 24 шақырымды 32 минут 24.015 секундта кесті.

М.ХАҚНАЗАР