Әкімдік ауылдың саябағын бір әулетке пантеон ретінде берген – видео
Әкімдік ауылдың саябағын бір әулетке пантеон ретінде берген – видео
Фото: Видеодан скриншот
322
оқылды
Жамбыл облысында Саудакент ауылының халқы ауылдың кіреберісіндегі саябақтың молаға айналғанына наразы. Бұл туралы Atameken Business арнасы хабарлады. Жергілікті тұрғындардың дабыл қағуына әкімдіктің ауылдың саябағын адам жерлейтін молаға айналдыруға рұқсат бергені түрткі болған. Тұрғындардың айтуынша, әкім 1 гектар аумақты бұрынғы Мәслихат депутатына заңсыз берген. Экс-шенеунік болса, ол жерді отбасылық пантеон етпек. Дау-дамаймен жүрген уақытта сол жерге 2 адам жерленіп, басына зәулім бейіт тұрғызылған. Ал экс-шенеунік, қазіргі кәсіпкер Асаубай Майлыбаев жерді әуел баста демалыс орнын саламын деп алған. Ал кешенді салуға 28 миллион теңге жұмсаған. Ол пантеон салудан аулақпын деп, тек тарихи тұлғаларды дәріптейтін кешен әзірлемек ниеті бар екенін айтқан. Оған сол кездегі аудан әкімі Қанатбек Мәдібеков рұқсат берген.
«Жерді мемориалдық кешен үшін сатып аламыз дегенбіз. Соған келісім берген. Аудан әкімі келісім бермесе, біз жынды емеспіз ғой», – дейді.
Ал аудандық жер бөлімі құжатта шикілік бар екенін растады. Алдымен адам жерленіп, құжатты рәсімдеу кейін жүргізілген.   https://youtu.be/M2bMPRSLBZI Дау-дамайдың нүктесін сот қоймақ.