Үздік үштікте
Үздік үштікте
251
оқылды
Қазақстандық гимнаст Елжан Таниева әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды. Болгарияның София қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогы кезеңі мәресіне жетті. Қазақстан құрамасының спортшысы Елжан Таниева аталған әлемдік бәсекеде қола жүлдеге ие болды. Ол ұршықпен жаттығу бойынша финалда 28,7 ұпайын еншіледі. Айта кету керек, болгариялық Стильяна Николова жарыс жеңімпазы атанса, италиялық София Раффаэли күміс медаль алды.