Депутат тұрғындарды жұмыспен қамтуға көмектесті
Депутат тұрғындарды жұмыспен қамтуға көмектесті
292
оқылды
Кеше Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Қалыйма Жантөреева «AMANAT» партиясы Кентау қала­лық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде бір топ азаматпен кездесті. Өкілетті орган уәкіліне арыз­дана келген тұрғындардың басым бөлігі жұмыссыздықтың жайын айтып шағымданды. Сондай-ақ әлеуметтік осал топ санатына жа­татын жандар мемлекет тарапынан берілетін түрлі көмек мәселесін кө­терді. Мәселен, қала тұрғыны Ұ.Бол­сынбек тұрақты жалақы беретін жұмысқа болса деген өті­нішін айта келіпті. Қабылдау сә­тінде депутат Қ.Жантөреева қала­лық жұмыспен қамту және әлеу­меттік бағдар­ламалар бөлімімен бай­ланысып, мәселені шешу жол­­дарын қарас­тырды. Нәтиже­сінде, өтініш иесі «Еңбек» мем­ле­кеттік бағдар­ла­масының аясында ақылы қоғам­дық жұмысқа қабыл­данды. Осы секілді жұмысқа орна­ластыру жөнінде жалғызбасты ана Ж.Кененбаева мен Л.Сүлеймен де өтініш білдірді. Екеуіне де қыс­қамерзімді кәсіптік оқыту бағ­дар­ламасы түсіндіріліп, ұсынылды. Нәтижесінде, екі тұрғын да оқуға жолдама алып, партия филиалы­ның қабылдау бөлмесінің қызмет­керлеріне және депутатқа алғысын жеткізді. Сондай-ақ қала тұрғыны, ІІІ топ­тағы мүгедек әрі көпбалалы ана Л.Өтенбаева қаржылай көмек сұрай келіпті. Айта кетейік, бұл кісінің жұбайы да мұқтаждығы ерекше әлеуметтік топ санатының І тобына жатады. Депутат анаға бірреттік қаржылай көмек көр­сетті.