«Қазмедиа орталығының» бас директоры ауысты
«Қазмедиа орталығының» бас директоры ауысты
Фото: telegram.org
226
оқылды
Қанат Қасымжанов «Қазмедиа орталығы» БК» ЖШС бас директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі хабарлады. Қанат Қасымжанов Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, the University of Glasgow, Adam Smith Business School-ді бітірген. Еңбек жолын 2004 жылы «Казкоммерцбанктен» бастап, «Қазақстан Халық банкі», «Еуразиялық банкте» менеджер, аға менеджер, басқарма бастығы, Астана халықаралық қаржы орталығының бас менеджері лауазымдарын атқарды. Осыған дейін «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС бас директорының қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары болды. Бұған дейін «Қазмедиа орталығын» басқарған Ләззат Жүнісова «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметіне ауысты.