Мейрамбектің ұйқысын берсін! – Алтынбек Қоразбаевтың батасы
Мейрамбектің ұйқысын берсін! – Алтынбек Қоразбаевтың батасы
810
оқылды
Өнер адамдары бас қосқан отырыста композитор, әнші Алтынбек Қоразбаевтың бата берген бейнежазбасы әлеуметтік желіде жиі қаралуда. Онда отырғандардың үлкені ретінде белгілі композитор, әнші Алтынбек Қоразбаев ерекше бата береді. «Кенжебектің шашын берсін, Мұқасанның қасын берсін, Диета.KZ-тің көлемін берсін, Марал Анарбектің өлеңін берсін, Мақпалдың күлкісін берсін, Мейрамбектің ұйқысын берсін! Оразаларың қабыл болсын. Қазағымыз аман болсын! Мақпалымыздың өнері шамамен 40 жылға жалғассын! Әумин!», - деп бет сипайды Алтынбек Қоразбаев.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Қазақстан Жұлдыздары Жаңалықтар (@qaz.stars)

Желі қолданушылары Алтынбек Қоразбаевтың заманауи бата айтқанын жазған. «Керемет заманауи бата!», «Жақсы әрі қалжыңы аралас бата ғой», «Мейрамбек жас кезінде ұйықтап қала беріп әбден күйдірген-ау Алтынбек ағасын», «Сөз жоқ, керемет!» дейді оқырмандардың дені. «Батаны мыналар мазақ қылғанда, жастар не істемейді? Жетіскен екенбіз!» деп күйінгендер де бар. Енді бірі: «Адам деген өзіне де қарау керек бір ауық, өзі мінсіз бе екен Қоразбаев көкеміздің?» дейді.