Путин Ресей Қарулы күштеріне үндеу жасады
Путин Ресей Қарулы күштеріне үндеу жасады
© kp.ru
360
оқылды
Ресей президенті Владимир Путин Жеңіс күніне арналған әскери шеруде елдің Қарулы күштеріне үндеу жасады, – деп хабарлады vedomosti.ru.

Путин Ұлы Отан соғысымен қатар Украинадағы әскери операцияда көз жұмған адамдардың құрметіне бір минуттық үнсіздік жариялады.

«Біз 2014 жылы кәсіподақтар үйінде тірідей өртелген Одессаның тұрғындарының ескерткіші алдында, сондай-ақ неонацистердің оғынан көз жұмған Донбасс бейбіт тұрғындары – қариялар, әйелдер мен балалар алдында бас иеміз», – деді Путин.

Путиннің айтуынша, Украина Ресейдің жерлеріне басып кіріп, үлкен қауіп төндірген.
"НАТО елдері біздің сөзімізге құлақ асқысы келмеді, бұл олардың басқа жоспарларының болғанының көрінісі және оның солай екенін көрдік. Донбасстағы тағы бір қантөгіс операциясына, біздің тарихи жерлерімізге басып кіру үшін, оның ішінде Қырым да бар, дайындық қызу жүріп жатқан еді", – деді Ресей президенті.
Сондай-ақ Путин Украина жеріндегі соғысты "бірден бір дұрыс шешім" болғанын айтты.
"Қауіп күннен күнге күшейе түсті, осылайша Ресей агрессияға алдын ала тойтарыс берді. Бұл амалсыздан, дер кезінде қабылданған бірден-бір дұрыс шешім – егеменді, қуатты, тәуелсіз елдің шешімі еді", –  деп қосты Путин.
Путин сөз соңында Ресей Қарулы күштеріне үндеу жасап, әрбір сарбаз бен офицердің қазасы үлкен қайғы, орны толмас шығын екенін атап айтты.