Nickelodeon қазақ тілінде көрсетіле бастады
Nickelodeon қазақ тілінде көрсетіле бастады
309
оқылды
Әлемдік Nickelodeon HD телеарнасы қазақ тілінде көрсетіле бастады. «Nickelodeon HD – балалар мен жасөспірімдерге арналған бүкіл әлемге танымал телеарнаны енді қазақ тілінде көре аласыздар. Күллі жер бетіне танымал «Спанч Боб шаршы шалбар», «Құтқарушы күшіктер», «Қауіпті Генри», «Тыным­сыз балақайлар», «Сэм мен Кэт» және басқа да ең танымал анимация­лық сериалдарды тамашалаңыздар», – делінген хабарламада. Бұған дейін Tiji, Nickelodeon арналарының балалар контенті қазақ тілінде жарық көретіні туралы хабар­лаған болатын.

А.ЖАСАНҰЛЫ