Украинадағы әскери қақтығыс жақын уақытта тоқтамайды - БҰҰ
Украинадағы әскери қақтығыс жақын уақытта тоқтамайды - БҰҰ
Фото: Валентина Свистунова © URA.RU
339
оқылды
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Украинадағы әскери әрекеттерді тез арада тоқтатуға және жақын болашақта бейбіт келіссөздер жүргізуге мүмкіндік жоқ деп санайды. Ол бұл мәлімдемені сәрсенбіде Венада БҰҰ ішкі конференциясының ашылуы алдында жасады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап. Отырыста Гутерриш тағы да Ресей мен Украина арасындағы диалогқа ықпал етуге тырысып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, БҰҰ гуманитарлық мәселелерге, оның ішінде Мариупольдан эвакуацияға ерекше назар аударып жатыр. Онда Қызыл крестің көмегімен жүздеген адам эвакуацияланды.
«Бұл соғыс мәңгілік болмайды. Бейбіт келіссөздер жасайтын күн туады», – деді Гутерриш Аустрия президенті Александр Ван дер Белленмен бірлескен баспасөз мәслихатында. «Мен оны таяу уақытта болады деп ойламаймын. Бірақ, бір нәрсе айтайын. Біз ешқашан берілмейміз», – деді БҰҰ бас хатшысы.
Ол сондай-ақ ашаршылықтың таралуына қатты алаңдайтынын айтты, өйткені Украинадағы соғыс әлемнің әртүрлі бөліктеріндегі азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіріп жатыр, – деп жазды Reuters.