Ашық аспан астындағы жарыс
Ашық аспан астындағы жарыс
520
оқылды
Балаларды қорғау күніне орай аула клубтары арасында спорттық жарыс өтті. Елордалық аула клубтарының тәрбиеленушілерін 4 спорт түрі бойынша өзара сынға түсті. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» мекемесі ұйымдастырған аталмыш шара осымен үшінші рет өткізілді. – Сайысқа қаладағы 26 аула клубының 300-ге жуық тәрбиеленушісі қатысты. Мереке күндеріне арналған шара 28 мамырдан басталған, – деді «Астана жастары» мекемесінің бөлім басшысы Арайлым Сапарәлі. Елорданың Алматы ауданынан басталған шара, Байқоңыр және Есіл аудандарында жалғасын тапты. – Сайыста «Темірлан», «Ақ жол», «Аққалан» аула клубтарының тәрбиеленушілері мен №83 мектептің оқушылар бақ сынап жатыр. Мен бүгінгі ойынға қарындастарымды дайындап әкелдім. Ақжібек қазіргі таңда үш дүркін Қазақстан чемпионы атанған, – деді Арыстан Манарбекұлы. Сонымен қатар еріктілер жалпыұлттық республикалық референдумды қолдау мақсатында елорда тұрғындарына арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық буклеттер таратты. Жарыс соңында жүлделі орын иегерлеріне диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Еркежан ӘУЕСБЕКОВА, ЕҰУ-дың 2-курс студенті