Дүниежүзілік денсаулық сақтау министрлігі әлемде маймыл шешегін жұқтырғандар саны 550 адамнан асқанын мәлімдеді, – деп хабарлайды «Хабар 24».
Ал ауру анықталған елдер қатары 30-ға жетті. Сарапшылардың мәлімдеуінше, індет бір мезетте бірнеше жерде пайда болып, үлкен қарқынмен таралып жатыр. Сондай-ақ мамандар маймыл шешегін бірден анықтау қиынға түсіп отырғанын айтады. Жыл басынан бері Африканың 5 елінде аталған аурудан 70-ке жуық адам көз жұмған. Айта кетейік, бұл індетке қарсы вакцина әзірге жасалған жоқ.
– Табиғат тарапынан экологиялық қысым күшейіп бара жатқаны анық. Жануарлардың да, адамдардың да мінез-құлқы қатты өзгеріп жатыр. Бұған бірінші кезекте климат пен құрғақшылық әсер етіп отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегі анықталған елдерден барынша абай болуды талап етеді. Бұл індетті әлі көп адам жұқтыруы мүмкін, – дейді ДДСҰ төтенше жағдай бағдарламасының жетекшісі Майк Райан.