Түркияда маймыл шешегін жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі хабарлады.
"Маймыл шешегін азаматтарымыздың бірі жұқтырды. Науқас 37 жаста, иммундық жүйесінің жетіспеушілігі бар. Ол қазір оқшауланған. Динамикалық бақылау жүргізілді", – деді Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, осы күнге дейін маймыл шешегі 50 елге жетіп, 3413 адам дертке шалдыққан. Дегенмен ұйым бұл дерт халықаралық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай емес екенін мәлімдеген.