Алматыда 25 жастағы әйел кішкентай қызымен бірге балалар арбасын, велосипед ұрлады – видео
Алматыда 25 жастағы әйел кішкентай қызымен бірге балалар арбасын, велосипед ұрлады – видео
Фото: Видеодан скриншот
11,222
оқылды
Алматыда балалар арбасын ұрлаған әйел ұсталды, – деп жазады Polisia.kz. Жамбыл облысының 25 жастағы тұрғыны бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін ұсталды. Ол үйлердің кіреберісінен балалар арбасы мен сәбилерге арналған велосипедтерді ұрлаған. «Әйелдің ұрлығы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ол ұрлық жасағанда кішкентай қызын қасына ертіп жүрген. Қазір А. есімді азаматшаның 8 ұрлыққа қатысы бар екені дәлелденді», – деді Бостандық аудандық ПБ бастығы Думан Аухадиев.   https://youtu.be/0prSQ5ejU5Q ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.