Қытай әскері Тайваньдағы әскери жаттығу аясында жауынгерлік атуды қолға алды. Бұл туралы Қытайдың орталық телеарнасы хабарлады.
«4 тамыз күні сағат 13:00 шамасында Тайвань бұғазында алыс қашықтықтарға жауынгерлік ату туралы бұйрық түсіп, Тайвань бұғазының шығыс бөлігіне дәл соққылар жасалды. Күтілген нәтижеге қол жетті», - делінген хабарламада.Қытай Тайваньдағы әскери жаттығуды 4 тамызда бастады. Жаттығу жиыны 7 тамызға дейін жалғасады. Жаттығу аясында арал маңындағы әуе кеңістігі мен суда жауынгерлік атуға мүмкіндік берілген. Тайвань тарапы мұны аймақтағы кво-статусын өзгерту үшін жасалған кезекті арандату деп бағалауда. Қытайдағы ірі әскери жаттығу АҚШ конгресінің спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапарына жауап ретінде өткізілуде. Ол 2 тамыз күні Азия турнесі аясында аралға келген болатын. Нэнсидің Тайваньға келетіні туралы Ақ үй ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Тайваньға қатысты Қазақстанның ресми ұстанымын жариялады.