Красный көйлек, черный өрнек - "Той-думан" тағы бір "хит" әнді жариялады

Красный көйлек, черный өрнек - "Той-думан" тағы бір "хит" әнді жариялады

Отандық "Той-думан" телеарнасының басшылығы тағы да сынның астында қалды. Телеарна ұжымы бұл жолы эфирге әлдебір әншінің орындауындағы "Красный көйлек, черный өрнек, Билейді гүлдер, ымменен сөйле. Көйлегім сәнді, өмірім мәнді. Күндей боп ярко, Көздерім жанды" деп қайырмалатқан әнін ұсынған.  Бұл шығарылымға қатысты желі қолданушыларының дені наразылықтарын білдірген.

"Тоқтатындар" дейтін бір адам жоқ па мәдениет саласында?", "Той-думан", ақша үшін не істемедің?", "Той думанды" жабу керек!", "Осындай салдыр-сатпақ ән айтқандарға айыппұл салынсын. Қазақтың тілін, әнін мазақ етуге ешкімнің қақысы жоқ. Өңшең осындай орашолақ әншіні шығаратын "Той-думанға" айыппұл салынсын", "Ұялмаған әртіс болар" деп жазды оқырмандар.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Қазақстан Жұлдыздары Жаңалықтар (@qaz.stars)