Танымал актриса қайтыс болды
Танымал актриса қайтыс болды
Фото: keste.kz
1,391
оқылды
Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген артисі, театр және кино актрисасы Тамара Қосыбаева өмірден өтті. Бұл туралы Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының баспасөз қызметі хабарлады, – деп жазады Tengrinews.kz. «Қазақ мәдениетінің бір көбесі сөгілді. Театрымыздың аяулы анасы болған, халқының қалаулысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, театр және кино актрисасы Тамара Өкіметқызы Қосыбаева 95 жасқа қараған шағында өмірден озды.    width= Аса қадірлі тұлға өлшеулі ғұмырын саф сұлу театр өнеріне арнап, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында ұзақ жылдар жемісті қызмет етті. Театр сахнасында актриса сомдаған Буратино, Әлия Молдағұлова, Күлпаш, Айбала сынды қайталанбас кейіпкерлері көрермен жадында мәңгі сақталмақ. Ғұмырын өнерге арнаған ғазиз жанның қазасы күллі қазақ өнерінің қабырғасын қайыстырып отыр. Театр ұжымы марқұмның отбасына, жақындары мен туыстарына, күллі қазақ жұртының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Жарқын бейнеңіз жадымыздан ешқашан ұмытылмақ емес» делінген ресми хабарламада.